Диқандар бір алқаптан екі рет өнім алады
Сарыағаш ауданының шаруалары ерте пісетін картоп егуді бастап кетті. Науқанды алғашқы болып Қабланбек ауылдық округі қолға алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Мұнда 2 га жерге «Реверия» сұрыпты картоп егілуде. Алдағы уақытта шаруа 45 тонна өнім алуды жоспарлап отыр.
Қожалық төрағасы Ө.Рысмамбетов картоп өнімін жинап алғаннан кейін орнына қырыққабат, болгар бұрышын және кеш пісетін картоп өсіретінін айтты. Яғни сарыағаштық диқандар бір жылда бір алқаптан екі-үш рет өнім жинайды.
Жалпы биыл аудан шаруалары 2,9 мың гектарға жуық жерге картоп өсіреді деп жоспарланады. Оның ішінде 1,8 мың гектарына ерте пісетін картоп егілмек.
Айта кетейік, келестік шаруалар қаңтар айында қырыққабат еккен.
Оқи отырыңыз: 16 облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді