|
27.01.2020 | 10:22
6242

Елордадағы барлық әуе рейстері тоқтатылды

Сондай-ақ барлық мектептер мен колледждерде сабақ болмайды

Елордадағы барлық әуе рейстері тоқтатылды nn-airport.kz

Елордада әуежайындағы барлық рейс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз хатшысы Жеңіс Ахметжановқа сілтеме жасап.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежайдағы барлық рейстер белгісіз уақытқа тоқтатылды»,– деді ол агентік тілшісіне.

Еске салсақ, елордада ақтүтек боранға байланысты ТЖД ескерту жасады. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 27 қаңтар күні Нұр-Сұлтанда қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, кей жерде 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Айта кетсек, елордадағы ақтүтек боран 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні басталған еді. Ақ түтек боран мен қалың қар қалада қозғалысты ауырлатып жіберді. Сондай-ақ, 27 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждің барлық курс студенттері үшін сабақ болмайды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир