|
15.06.2023 | 10:22
1876

Оралда полиция қызметкері жол қозғалысын газетпен реттеді

Жолаушылар мен жүргізушілер осы сәтті бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған

Оралда полиция қызметкері жол қозғалысын газетпен реттеді коллаж Almaty.tv

Желіде қолына газет алып, жол қиылысында тұрып қалған көліктерге бағыт-бағдар көрсеткен ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ІІМ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті мәліметінше, Оралда жарық сөніп, қаланың кей бөлігінде бағдаршам істен шыққан. Сағат 16:15 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Сырым Датұлы көшесінің қиылысында жол кептелісі болып, автокөліктердің қозғалысы қиындаған.

Осы уақытта кептеліске тап болған полиция қызметкері Руслан Жексенов автокөлігін тұраққа қойып, қолына іліккен газетті арнайы таяқша орнына қолданып, бағыт-бағдар жасаған. Ол еңбек демалысында болған.

Жолаушылар мен жүргізушілер осы сәтті бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир