Полицейлер оны атып өлтіруге мәжбүр болған
Батыс Қазақстанда жабайы шошқа жұртты дүрліктірді
Айта кетейік, соңғы уақытта еліміздің Шығыс және Батыс өңірлерінде жабайы аңдардың елді мекендерге келу оқиғалары жиілеп кетті.
Батыс Қазақстанда балалар алаңында емін-еркін жүрген жабайы шошқа жұртты дүрліктірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тәртіп сақшылары оны ауылдан қуып шығуға тырысқанымен, жануар бағынбай қойыпты. Нәтижесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицейлер оны табельдік тапаншадан атып өлтіруге мәжбүр болған. Құқық қорғау қызметінің 61-ші бабына сәйкес, оқ атылғаны туралы аудандық прокуратураға хабарланды.
«Атыс қаруы қолданылғаны жөнінде ақпарат Бәйтерек ауданы прокурорына хабарланды», - деді ПД-дан.
Айта кетейік, соңғы уақытта еліміздің Шығыс және Батыс өңірлерінде жабайы аңдардың елді мекендерге келу оқиғалары жиілеп кеткен.