Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді
Алмалы ауданында 5 жекеменшік балабақша ашылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Балаларды мектепке дейінгі біліммен барынша қамту үшін биыл Алмалы ауданы бойынша 225 орындық 5 жекеменшік балабақша ашылды. № 7 балабақшаны сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталды. Жобалық қуатты 75 орынға ұлғайта отырып, №43 балабақша ғимаратының бұрын жеке меншікте болған бөлігі сатып алынды», – деді Ерболат Досаев.
Қала әкімінің айтуынша 2023 жылдың II-тоқсанында күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді бастау жоспарланған.
«Осы жылдың соңына дейін Мәуленов-Әйтеке би көшелерінің қиылысында бұрын жалға берілген балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, сейсмикалық күшейту үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. 2023 жылдың 3-тоқсанында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі», – деді әкім.