Бақытжан Сағынтаев ЕҚҚДБ-ның Қазақстандағы басшысы Хусейн Өзханмен кездесті

13.11.2021 15:24
Бақытжан Сағынтаевтың Тwitter парақшасынан

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев ЕҚҚДБ-ның ҚР-дағы басшысы Хусейн Өзханды қабылдады. Бұл туралы қала әкімі Тwitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«ЕҚҚДБ-ның ҚР-дағы басшысы Хусейн Өзханды қабылдадым. Алматы үшін «Жасыл қала» іс-қимыл жоспары талқыланды. Құжатта энергетика, құрылыс, қатты қалдықтар, сумен жабдықтау, жерді пайдалану, көлік секторын жаңғыртуды айтқанда, экологияны жақсарту бойынша жүйелі шаралар көрсетілген», – деп жазды Б. Сағынтаев.