|
03.03.2021 | 10:24
1368

Бейсен Құранбектің әжесі қайтыс болды

Қайғылы қазаны журналист, Бейсен Құранбектің әріптес-досы Серік Әбікенұлы хабарлады

Бейсен Құранбектің әжесі қайтыс болды adyrna.kz

Белгілі тележурналист Бейсен Құранбектің әжесі өмірден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі adyrna.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы қазаны журналист, Бейсен Құранбектің әріптес-досы Серік Әбікенұлы хабарлады.

«Ғасыр жасаған, аштық, қуғын көріп аман қалып, бір әулеттің саясы болған апамыз қайтты. Бейсекең өстіп құшақтап, «Апа-ау, ақынның баласы келді!» – десе қос қолын созып маңдайдан сүюші еді. Одан кейін бата беретін. Баршаның тілеуін тілеп отыратын. Апа үшін Бейсені командировкада жүр... Ертең сағат 10.00-де, Қызылжар ауылында жаназасы шығарылады. Иманды болыңыз, апа!», –  делінген журналистің желідегі жазбасында.

Былтыр Құранбектер әулеті үшін ауыр жыл болды. Алдымен Бейсен Құранбек дүние салып, қырқы болатын күні өмірге әкелген анасы, қыркүйек айында әкесі қайтыс болды. Енді міне, журналистің әжесі бақилық болып отыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир