Зардап шеккен екі әйел де ауруханаға жеткізілді
Ақтауда екі жүкті әйелді көлік қағып кетті. Екеуі де ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жол-көлік оқиғасы 23 желтоқсанда 16:00 шамасында 26 ықшамауданындағы балалар ауруханасының маңында болған. Әйелдер такси тоқтатып тұрған.
Жедел жәрдем бригадасы дереу оқиға орнына жеткен.
"Зардап шеккен екі әйел де ауруханаға жеткізілді. Бір әйел жүктіліктің 34-аптасында, оның жасы қырықта. Екіншісі жүктіліктің 22-ші аптасында, жасы 31-де", - деді ведомство өкілдері.
Жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр.