Бұл туралы үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді
Арыста эвакуация кезінде жоғалған барлық бала ата-анасына тапсырылды. Бұл туралы үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Балабақшадағы барлық бала эвакуацияланды. Олардың ішінде туыстарында болған балалар да бар. Барлық ата-ана іздестіріліп, оларға балаларын тапсырдық. Қазіргі уақытта еш арыз және шағым жоқ», – деді Тұрғымбаев.
Түркістан облысы ПД ескертеді, «жоғалды» деп желіде таралып жатқан бейнелер, эвакуация кезінде қауіпсіз аймаққа жеткізілуі үшін көліктерге мінгізілген балалар. Олар кешкі уақытқа дейін ата-аналарымен қайта қауышты. Сондықтан жалған мәлімет таратудан сақ болыңыздар!