Ер адамның қолы сынған: 12-қабаттан құлаған 5 жасар баланы қағып алды

01.07.2022 15:25

Қазір бала ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды

Фото: видеодан скриншот

Якутияда үш ер адам 12-қабаттың терезесінен құлаған бес жасар баланы құтқаруға тырысты. Олар жамылғының көмегімен балконнан құлаған баланы құтқарып, өлімнен арашалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан оқиға орнында екі ер адамның жапқышты тартып тұрғанын көруге болады. Ал үшіншісі олардың жанында тұрған. Бір сәтте бала биіктіктен құлайды. Бірақ, балақай төсек жапқышына емес, құтқарушылардың бірінің қолына құлады.

Қазір бала ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Ал баланы қағып алған ер адамның қолы сынған.

Теги: бала қыз