Алматыдағы № 133 гимназияда орын тапшылығы мәселесі түбегейлі шешіледі

02.09.2021 15:26

Мектепте 4 информатика, 4 ағылшын тілі кабинеті және үлкен хореография залымыз бар

almaty.tv

Алматыда № 133 гимназия жанынан жаңа ғимарат ашылады. Мектеп жаңа парта және жаңа жабдықтармен қамтылған. Енді 900 оқушы екі аусымда білім ала алады. Бұл туралы Akimat live бағдарламасында Алматы қалалық № 133 гимназия директоры Нұрлан Адамов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Біздің мектепте 2993 бала оқиды. Мектепке оқушылар сыймай жатқан. Сондықтан 2020 жылдан бастап мектебімізге қосалқы ғимарат салынып жатыр. Біз 10 күн ішінде сол ғимаратқа кіреміз деп жоспарлап отырмыз. 1 аусымға 450 орын беріліп отыр. Сонда екі аусымда 900 бала оқиды. Біздің мектепте түбегейлі орындық мәселесі шешіледі деп ойлаймын. Ол жерде 18 кабинет бар. Жаңа парта, жаңа жабдықтармен қамтылған. 4 информатика, 4 ағылшын тілі кабинеті және үлкен хореография залымыз бар. Бүгін білім күніне арналған үлкен жиын болды ғой. Сол кезде мен жаңа ғимараттың алдында тұрып, бәрін көрсетіп айттым. Ата-аналар дән риза болды», – деді  Алматы қалалық № 133 гимназия директоры Нұрлан Адамов.

Теги: директор