Қалалық төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарды белсенді қатысуға шақырады
2024 жылы 23 ақпан сағат 10.00 Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сейсмикалық жаттығу басталмас бұрын, дабыл шабаданын дайындап, қауіпсіз жерге эвокуациялану бағытын айқындаңыз.
Ғимараттардан, электр желілері мен биік ағаштардан алшақ тұрған ашық алаң - қауіпсіз жер.
Сейсмикалық жаттығу кезінде "назар аударыңыз" дабылын естігенде сабыр сақтап, теледидарды, радионы қосыңыз және нұсқауларды орындаңыз.
Төтенше жағдайға дайын болу - адам өмірі мен денсаулығын сақтау кепілі.
Сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысуға шақырамыз.
Оқи отырыңыз: Көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 17 адам қауіпсіз жерге көшірілді