Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаланың сегіз ауданына тағы 7 миллиард теңге бөлінеді
2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша ауданда 800 млн теңгеге 39 жоба орындалды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«2023 жылы тұрғындардың өтініштері бойынша ең көп дауыс жинаған 17 жоба іске асырылатын болады. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін ескере отырып, мен осы жобаларды іске асыруға биыл қаланың барлық сегіз ауданына қосымша 7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдадым», – деді Ерболат Досаев.