Орал әуежайының ғимараты жаңартылмақ

24.02.2021 15:26

Құрылыс құны – 6,6 млрд теңге

yandex.kz/maps

Орал әуежайының ғимараты 6,6 млрд теңгеге қайтадан жаңартылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, «ҚПО б.в.» компаниясы арқылы әлеуметтік инвестициялар жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Оның айтуынша, жоба бойынша терминал алаңы 4 мыңнан 10 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ сыртқы инженерлік желілер тартылып, іргелес аумақты абаттандыру, автотұрақ ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Аэровокзал терминалының технологиялық жабдықтары халықаралық стандарттар мен шекаралық және кедендік талаптарға сәйкес жаңғыртылады. 

«Құрылыс-монтаж жұмыстарын жыл соңында аяқтау көзделіп отыр. Құрылыс құны – 6,6 млрд теңге»,  деді Ә.Антазиев. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында БҚО-да 9 көпқабатты тұрғын үй салынатынын жазған болатынбыз.