Ляззат Ибрагимова: Қайғылы оқиға бәрімізге ауыр тиді

29.08.2021 15:28

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова Жамбылда жарылыстан қайтыс болған азаматтардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты

almaty-akshamy.kz

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова Жамбылда жарылыстан қайтыс болған азаматтардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Жамбыл облысында болған қайғылы оқиға барлығымызға ауыр тиді. Өз жұмысын адал атқарып жүрген әскери қызметшілер мен құтқарушылар жанкештілік танытып, тепсе темір үзетін арда азаматтарымыз бейбіт күнде мезгілсіз көз жұмды. Қамшының сабындай-ақ болған қысқа өмір, қиылды да кетті...

Қаза болған азаматтарымыздың жақындары мен отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Қайғыларына ортақпыз», – деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова.

Айта кетейік, Бүгін елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.