Наурыз мейрамы: «Канело» қазақстандықтарды қазақ тілінде құттықтады
Фото: suleimen_promotions_official
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен қазақ тілінде құттықтады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Suleimen Promotions командасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әлемге әйгілі боксшы, абсолютті чемпион, досымыз Сауль (Канело) Альварес Қазақстан халқын көктеммен бірге келген Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтады.
Ал Suleimen Promotions командасы өз кезегінде қазақы дәстүр бойынша боксшыға құрмет көрсетіп, шапан жапты, сый-сияпат көрсетті», - деп жазды Suleimen Promotions желідегі парақшасына.
«Наурыз мейрамы құтты болсын, Қазақстан! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Мен барлығыңызды құшақтаймын!» - деді «Канело».
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45