Наурыз мейрамы: «Канело» қазақстандықтарды қазақ тілінде құттықтады

21.03.2023 18:09
Фото: suleimen_promotions_official

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен қазақ тілінде құттықтады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Suleimen Promotions командасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлемге әйгілі боксшы, абсолютті чемпион, досымыз Сауль (Канело) Альварес Қазақстан халқын көктеммен бірге келген Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтады.

Ал Suleimen Promotions командасы өз кезегінде қазақы дәстүр бойынша боксшыға құрмет көрсетіп, шапан жапты, сый-сияпат көрсетті», - деп жазды Suleimen Promotions желідегі парақшасына.

«Наурыз мейрамы құтты болсын, Қазақстан! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Мен барлығыңызды құшақтаймын!» - деді «Канело».