«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов дүниеден озды

04.03.2021 18:56

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус инфекциясынан Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы Төлеген Байғұлов қайтыс болды. Бұл туралы СҚО Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бірінші орынбасары Нұрлан Жахин өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Иманды болсын! Қайтпас қайсар, патриот, адал жан еді. Бүгін сұмырай COVID-тен қоғам белсендісі, Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы, республикалық «Адалдық алаңы» кеңесінің жетекшісі, досымыз Төлеген Байғұлов бақилық болды! Жаны жәннәтта болсын», – деп жазды ол .