Алматыдағы атақты тиін сақталуы мүмкін

21.01.2019 15:29

Алматыдағы атақты арт-нысан - алып тиін бұзылмауы мүмкін. Алып мүсіннің тек бет-бейнесі өзгеретін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда арт-нысан авторы Алекс Ринслермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұл мүсінге рестайлинг жасалуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Алматыда Атакент маңында пайда болған алып тиін мүсінін орнатуға 23 млн теңге жұмсалған. Мүсін авторы белгілі урбанист Алекс Ринслер өзінің жұмыстарын әдетте біраз уақыттан соң өртеп жіберетін. Алматылық тиін көктемде алынып тасталады деп келісілген болатын. Қала ортасында қымбат мүсіннің пайда болғаны көпшіліктің наразылығын тудырғаны да рас. Қала әкімі Бауыржан Байбек арт-нысан туралы арнайы түсініктеме берген болатын.