Байқамай қалған: Алматыда он жеті жастағы қызды жеңіл көлік қағып өлтірді
Қатты соққы алған қыз жедел жәрдем келгенге дейін бақилық болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сүйінбай даңғылында келе жатқан көлік жүргізушісі көшеден жүгіріп өтпек болған қызды байқамай қалып, барынша жылдамдықпен қағып өткен, деп хабарлайды Sputnik.
Куәгерлер Toyota Camri Сүйінбай даңғылымен келе жатқанын айтты. Жүргізуші Райымбек даңғылымен қиылысқа жақын маңда жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған қызды байқамай, оны бар жылдамдықпен қағып кеткен.
2002 жылы туған қыз жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.
Полиция қайғылы жағдайдың мән-жайын тексеруде.
Бұған дейін Алматы көшесін рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні автобус қағып өлтіргені хабарланған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30