Орталық барлау басқармасының деректеріне сәйкес туу көрсеткіші бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 229 ел ішінде 105-ші орынға иеленді. Қазақстанда 10 мың адамға орта есеппен 164 нәрестеден келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Мұндай деректерді Finprom.kz сарапшылары келтірді.
Рейтингіде ең бірінші орында - Нигер (10 мың тұрғынға шаққанда 475 нәресте дүниеге келді), кейін Ангола (427) және Уганда (423). Соңғы орында - Монако (64 бала туған).
ЕАЭО елдері арасында Қазақстанға қарағанда Қырғызстанның көрсеткіші жақсырақ: мұнда 10 мың адамға шаққанда 206 нәресте дүниеге келеді. Арменияда бұл көрсеткіш 119, Ресейде - 100, Беларусьте - 95.