Шығыс Қазақстанның бірнеше ауданында дала өртінің беті әлі қайтпады

inform.kz
inform.kz
Бірақ елдімекендерге төніп тұрған қауіп жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында дала өртінің беті әлі қайтпады. Бірақ елдімекендерге төніп тұрған қауіп жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданындағы дала өртінің аумағы 1800 гектарға жетті. Өртті сөндіруге барлығы 278 адам мен 34 техника жұмылдырылған. Жалынды ауыздықтауға қиын таулы жер мен қатты жел кедергі келтіруде. Суағар құрылғысы бар 3 тікұшақ тартылды. Барлығы әуеден 18 рет су төгілді.

«Алтай ауданында бұта мен шөпті шарпыған тілсіз жаумен жергілікті атқарушы орган өкілдері, орманшылар, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің қызметкерлері, ТЖД өрт сөндірушілері тарапынан 350 адам күресуде. Қазіргі уақытта өрттің жалпы ауданы – 1400 гектар», - делінген ақпаратта.

Катонқарағай ауданындағы Алтынбел ауылынан 12 шақырым жерде шыққан от 1900 гектарға жайылып кеткен. Өртті өшіруге 350 адам мен 27 техника жұмылдырылды. МИ-2 және МИ-17 тікұшақтары да іске қосылған.

«Құйған ауылдық округі аумағындағы жалынның жалпы ауданы – 200 гектар. Орманның 17,5 гектар алаңына тараған от ауыздықталды. Барлық ауданда елдімекендерге төніп тұрған қауіп жоқ», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Алтай ауданында дала өрті 2 қыркүйек күні шыққан .

Күршім ауданындағы ірі дала өртінің де беті қайтпай жатыр .

Кеше Глубокое ауданындағы дала өрті ауыздықталған болатын.

Новости партнеров