Генерал әскери қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды
Алматыда Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің бұрынғы қолбасшысы генерал-майор Серік Ысмайыловты бюджет қаражтын жымқырғаны үшін төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды ktk.kz.
2018 жылы Ысмайылов және үш қызметшісі әскери бөлімінің жеке құрамына берілуі тиіс сыйақының үштен бір бөлігін, яғни төрт миллиард теңгеге жуық ақшаны жымқырған деген айып тағылған. Бұл қылмысты әскери барлау өкілдері әшкерелеген.
Генерал мен оның орынбасарын тұтқынға алып, басқа ұсталғандарға қаладан шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Генералдан бөлек тағы үш адам айыпталған. Олардың ішінде Ысмайыловтың қаржы мәселесі жөніндегі орынбасары, әскери қызметкерлерінің басшысы мен 30131 әскери бөлімнің басшысы. Соңғы аталғандар төрт жыл мерзімге сотталды.
Ал генералдың орынбасары бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Олар әскери лауазымдарынан айырылып, одан кейін әскери қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сотталғандардың соттың үкіміне шағым түсірмекші екені хабарланып отыр.
Серік Ысмайылов Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып 2016 жылдың желтоқсан айында тағайындалған.