Б. Сағынтаев: Блок-бекеттер алынғанымен, санқауіпсіздік ережесі сақталады

31.05.2020 15:31

Алматы әкімі блок-бекеттерде қызмет еткен азаматтарға алғыс айтты

Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында 1 маусымға қараған түні қала периметрі бойынша орналасқан кедергілердің алынатынын хабарлады. Сондай-ақ ол блок-бекеттерде жұмыс істеген барлық қызметкерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттерді аламыз. ТЖ режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл – коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды. Барлық полиция, санитарлық қызмет, фито- және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне алғысымды білдіремін», – деген Б. Сағынтаев осы 2,5 айдың ішінде олар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен орындап, тәулік бойы қызмет көрсеткенін мәлімдеді.

Қала әкімі шектеулерді алуға елде, соның ішінде Алматы бойынша жағдайды тұрақтандырудың арқасында мүмкін болғанын ерекше атап өтті.

Б. Сағынтаев барлық кәсіпорындар мен ұйымдар санитарлық қауіпсіздіктің күшейтілген шаралары негізінде жұмыс істейтінін еске салды. Үйлерді, аула алаңдары мен көшелерді дезинфекциялау жүргізіле береді.

«Белгіленген тәртіпке бағынып, сангигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс бетперделерін киіп жүруге шақырамын. Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!», – деп қорытындылады сөзін шаһар басшысы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

31.05.2020 1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттерді аламыз. ТЖ режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл — коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды. Барлық полиция, санитарлық қызмет, фито- және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне алғысымды білдіремін. Осы 2,5 айдың ішінде Сіздер тәулік бойы қызмет етіп, жүктелген міндетті абыроймен атқардыңыздар. Елдегі және қаладағы жағдайдың тұрақтануы шектеулерді алуға мүмкіндік берді. Бұл ретте барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтіліп, қауіпсіздікке басымдық берілді. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде. Белгіленген тәртіпке бағынып, сангигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс бетперделерін киіп жүруге шақырамын. Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! —— С полуночи 1 июня снимаем блокпосты по периметру города. За время режима ЧП они выполнили свою основную функцию — ограничили передвижение из и в город. Это было нужно для того, чтобы остановить распространение коронавируса. Хочу поблагодарить всех сотрудников полиции, санитарной службы, фито- и ветконтроля, районных акиматов города, военнослужащих Нацгвардии и Минобороны. За эти 2,5 месяца вы достойно исполнили свой долг, круглосуточно неся службу. Отмена ограничений на передвижение стала возможной благодаря стабилизации ситуации по стране и в нашем городе. При этом все предприятия и организации работают в условиях усиленных мер санитарной безопасности. Проводится дезинфекция домов, дворовых площадок и улиц. Прошу придерживаться установленных правил, соблюдать сангигиену, сохранять социальную дистанцию, носить защитную маску. Это становится нормой современной жизни. Берегите себя и близких!

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)30 Май 2020 в 8:47 PDT