Нұр-Сұлтандағы №74 мектеп-гимназияға Мұқағали Мақатевтың есімі берілді

inform.kz
inform.kz
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтандағы №74 мектеп-гимназияға ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың есімі берілді. Бұл туралы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Сүйінші! Нұр-Сұлтан шаһарындағы №74 мектеп-гимназияға ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың есімі берілген екен. Осыған байланысты мектеп ұжымы мен білім алып жатқан іні-қарындастарымызды қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймын! Адамзаттың поэзия көшіне қазақтың үнін қосқан, қазақтың әдеби кеңестігінде арғы-бергі дәуірлерде ойып тұрып орын алған. Ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың атын мектепке беру көңіл қуантарлық жағдай. Барша елордалықтарды осы қуанышымен құттықтаймын! Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Шекарамыздың шебі жаудан, еліміздің іші жаудан аман болғай», – деді Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан.

Айта кетейік, Алматыда Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Қарасаз көшелері» атты әдеби-танымдық деректі фильм түсірілді.



Новости партнеров