Ер адам атқарылған жұмысқа ризашылығын білдірді
53 жыл құжатсыз жүрген Атыраулық тұрғыны жеке куәлігін алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
1970 жылы туған тұрғынның құжаты ескі үлгіде болған. 2021 жылдан бері денсаулығына байланысты Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығында ем алуына байланысты құжаттары бірқатар қиындық туындаған.
"Мейірім Қазақстан" үкіметтік емес ұйымының өкілдері және емхана қызметкерлерінің қолдауымен, Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторлары жұмыс барысында жедел әрекет етіп, 53 жастағы азаматтың жеке куәлігін дайындап, табыстады.
Ер адам атқарылған жұмысқа ризашылығын білдірді.