Қолайсыз ауа райы: жол жабылғанда тәртіпке бағынбаған жүргізушіге қандай жаза қолданылады

17.01.2024 19:18

ІІМ ескерту жасады

Almaty TV

Қыс басталғалы Қазақстан аумағындағы тас жолдар кемі мың рет жабылған. Қаңтардың өзінде қолайсыз ауа райында жапа шекпеу үшін жолдағы қозғалыс үш жүз рет тоқтатылды. Әлі де алыс сапарға шықпауға шақырған елдің ІІМ қар үйінділерінен 433 адамның құтқарылып, 117 автокөліктің эвакуацияланғанын жеткізді.

– Жолдарды жабу кезінде полицияның заңды талаптарына бағынбаған жүргізушілерге айыппұл немесе 5 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Бір жыл ішінде бағынбау тағы қайталанса, он тәулікке дейін қамалады. Жолдарды жабу кезіндегі талаптарға бағынбағаны үшін биыл 8 адам жауапкершілікке тартылды, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті