Жамбыл облысы Қордай ауданында 45 адам мінген автобус жолда бұзылып қалды

28.11.2019 15:33

Құтқарушылар мен полицейлер 26 жолаушыны Алматыға қайтарды

Жамбыл облысы Қордай ауданында салонында 45 адам болған автобус жарты жолда бұзылып қалған. Құтқарушылар мен полицейлер 26 жолаушыны Алматыға қайтарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қалған 19 адам өз еріктерімен бас тартқан. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті таратқан ақпарға сай, автобус Алматыдан Шымкентке бағыт алған. Техникалық ақауларға байланысты 240-шы шақырымда тұрып қалыпты. Жолаушылардың барлығы да Қазақстан азаматтары.


Теги: Ташкент