Алматыда Тұңғыш Президент күніне орай 100-ден астам полиция қызметкері марапатталды

Polisia.kz.
Polisia.kz.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Алматы полициясының 100-ден астам қызметкері марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызметінде ерекшеленген тәртіп сақшыларын марапаттау рәсімі Алматы қалалық Полиция департаментінде өтті. ПД басшысы Қанат Таймерденов Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, Қазақстанның бірлігін қамтамасыз еткен, Конституцияны, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегін мойындау мақсатында белгіленгенін атап өтті.

«Құрметті әріптестер! Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы дамып, нығайып, гүлдене берсін және бұл мереке сіздердің жүректеріңізді мемлекет үшін мақтаныш сезіміне бөленсін, бірлік пен түсіністік тілейміз. Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, шығармашылық шабыт, Отанымыздың игілігі жолындағы жемісті еңбек тілеймін!» – деді Қанат Таймерденов. 

Осы мерекеде Алматы қаласының 100-ден астам полиция қызметкері ІІМ мен ПД басшылығының Құрмет грамоталарымен, төсбелгілерімен, алғыс хаттарымен марапатталды.

Новости партнеров