|
20.01.2020 | 15:28
17391

Бойжеткен өзінің пәктігін 1,2 миллион еуроға сатты

Аукционда Мюнхен қалас фитнес-клубтар желісінің басқарушысы 58 жастағы неміс кәсіпкер жеңді

Бойжеткен өзінің пәктігін 1,2 миллион еуроға сатты

Украиндық Харьков қаласында туып-өскен 19 жастағы бойжеткен өзінің пәктігін 1,2 миллион еуроға сатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Украинаның тумасы қазіргі таңда АҚШ-та тұратын көрінеді. Ол өзінің пәктігін сататындығы туралы аукциондық сайтта жариялапты. Алғашында бойжеткен өзінің «тазалығын» 100 мың евро деп бағалапты, артынша ол сома 1,2 миллион евроға жеткен.

Аукционның жеңімпазы болып Мюнхен қаласында фитнес-клубтар желісінің басқарушысы 58 жастағы неміс кәсіпкер танылыпты. Онымен бірге Нью-Йорк қаласында адвокат болып жұмыс атқаратын азамат пен токиолық әнші бақ сынасқан.

Басылымның мәліметі бойынша, украиндық ару мен неміс кәсіпкердің кездесуі Германияда өтеді екен. Аукционның жеңімпазы бойжеткенге үйленгісі келетіндігін білдіріп, сонымен қатар егер отбасы құрған жағдайда айына 10 мың евро төлеп тұрамын деп уәде берді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир