Жаңа жылдың алғашқы күндерінде қылмыстық оқиға тіркелген жоқ - ІІМ

03.01.2023 15:33
ortcom.kz

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде төтенше жағдайлар мен қылмыстық оқиғалар тіркелген жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ІІМ-не сілтеме жасап.

«Мереке күндері көшелерде полиция жасақтарының тығыздығы ұлғайтылды. Бейне бақылау камералары арқылы бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарына визуалды бақылау қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде төтенше жағдайлар мен аса ауыр қылмыстық оқиғаларға жол берілген жоқ. Полиция қызметкерлері және Ұлттық ұлан әскери қызметшілері күшейтілген режимде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді жалғастыруда»,- делінген хабарламада.