Еліміздің медициналық мекемелерінде аудио және видеотүсірілім жасауға қайтадан рұқсат етілді. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың Қаулысында жазылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ, құжатта індет жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдарды анықтау және оларды оқшаулау талаптарына өзгерістер енгізілді. Енді екпенің толық курсын алғандардан өзгелер міндетті түрде 14 күндік карантинде болуы шарт. Алайда аурудың клиникалық белгілері болмаса, оқшаулау талап етілмейді.
Бұдан бөлек, COVID-19 ошақтарын дезинфекциялау тәртібіне де өзгерістер енгізілген.
Науқаспен байланыста болғандар:
- коронавирус жұқтырған науқаспен бір үйде тұратын адам;
- науқаспен немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінділерімен қорғалмаған тікелей байланыста болған адам;
- жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбай жабық мекемелерде науқаспен 15 минут немесе одан көп уақыт 1,5 метрден жақын қашықтықта болған адам;
- науқасты күтетін медицина қызметкері немесе жеке қорғаныс құралдарынсыз COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары;
- ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, поезда, COVID-19-бен ауыратын науқастан кез келген бағытта екі орындық қашықтықта байланыста болған адам.