Президент қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты

31.05.2022 15:34

31 мамыр – Қазақстан қоғамы үшін әрі қасіретті, әрі қасиетті дата

Ақорда

Мемлекет басшысы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

31 мамыр – Қазақстан қоғамы үшін әрі қасіретті, әрі қасиетті дата. Қасіретті болатыны, ел ішінде ХХ ғасырдың өн бойында жалғасқан саяси-қуғын сүргіннің ызғары шарпымаған әулет жоқ. Қасиетті болатыны, үш ғасырдан астам уақытқа созылған тәуелсіздік жолындағы күрестің соңғы құрбандары осы нәубеттерден зардап шеккен болатын.