Ол 2020-2022 жылдары — «Almaty телерадиокомпаниясы» АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып істеген
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Д. А. Қонаев атындағы университетті тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2005 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы мәслихат аппаратының бас маманы болып бастаған.
2005-2006 жылдары — Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің маманы.
2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында қызмет еткен.
2008-2012 жылдары — бас кеңесші; ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының жедел ақпарат секторының меңгерушісі.
2012-2016 жылдары — ҚР Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары.
2016-2019 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі.
2019 жылы жеке құрылымында жұмыс істеді.
2019-2020 жылдары — «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2020-2022 жылдары — «Almaty телерадиокомпаниясы» АҚ бас директорының бірінші орынбасары.
2022 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.