Маймылдар қолға тез үйреніп, шығармашылыққа тез бейімделіп кетті
Алматы хайуанаттар бағы Паша мен Лола атты шимпанзелердің сурет салып отырған видеосын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі зообақтың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
- Біздің шимпанзелеріміз сурет сала алады. Паша бояулармен түрлі суреттер салатын болса, Лола нәзікжанды болғандықтан алдымен тырнақтарын бояп, содан кейін сурет салады, - деп жазылған видео сипаттамада.
Зообақ мамандар маймылдар қолға тез үйреніп, шығармашылыққа де тез бейімделетінін атап өтті.
- Зообақ суретшілері: Паша мен Лола. Маймылдар - ерекше жаратылған ақылды жануарлар. Олардың сурет салуға деген талпынысы өте қызықты көрініс, - деді зообақ мамандары.
Оқи отырыңыз: Алматыдан 268 шақырым қашықтықта жер сілкінді