«Баспана Хит» бойынша 25 миллирад теңге несие берілген
«Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелер 11%-дан 10,75%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды «Баспана» ипотекалық ұйымы.
Игі бастама Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚРҰБ) 15 сәуірде базалық мөлшерлемені 9,0% деңгейге дейін төмендету туралы шешім қабылдағаннан кейін жүзеге асты. «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшері ҚРҰБ базалық ставкасына (ҚРҰБ базалық ставкасы +1,75%) байланысты болатынын еске саламыз.
«Пайыздық үстеме ипотекалық қарыз шартын жасау сәтінде тіркеледі және клиент үшін өзгермейді. Баспана Хиттің ипотеканы 11%-бен алған борышкерлері ай сайынғы төлемдерді бұрын бекітілген кестеге сәйкес төлейді. Пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер жаңа клиенттерге ғана қатысты», - дейді «Баспана» ИҰ басқарма төрағасының орынбасары Дархан Байқуатов.
"Баспана Хит" бойынша мақұлданған кредиттердің сомасы 25 млрд теңгеге жетті. Бүгінге дейін 3 113 қазақстандық осы ипотекалық бағдарлама бойынша пәтер алған.
Бағдарлама тіпті баспанасы бар азаматтарға да үй алуға мүмкіндік береді.
Ипотека Халық банк, ЦентрКредит банк, Сбербанк, Цеснабанк, Еуразиялық банк, Forte Bank, Bank RBK және АТФБанк секілді еліміздегі 8 банкте беріледі.
Азаматтар ай сайынғы төлемдерін оңай есептеу үшін "Баспана Хит" ипотекалық калькуляторын іске қосты: www.baspanahit.kz.