Күн сайын сағат 18:00-ге дейін тізім жасалады
"Блок-бекеттер алынбайды, бұл карантиннің басты талабы", деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, деп хабарлайды zakon.kz.
Күн сайын сағат 18:00-ге дейін тізім жасалады, кәсіпорындар жұмысын жалғастыруға рұқсат ету үшін комиссия сол күні немесе ертеңгі күні аудит жүргізеді.
"Кәсіпорындардың 40% өз жұмысын бірден қайта жалғастыра алмады, себебі олар ТЖ режимінің талаптары аясында жұмыс істеуге дайын емес еді", – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.