Карантинді сақтау және жедел жәрдемге жету уақытын азайту үшін адамдардың көп жиналуын талдау – Алматы әкімдігінде цифрлық жобалар жөнінде айтылды

20.10.2020 15:38

Қаладағы жағдайды зерттей отырып, біз жедел жәрдем көліктерінің қозғалыс белсенділігін байқаймыз және қала бойынша орташа қозғалыс 14-15 минутты құрайды – Қоңырбаев

tengrinews.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев, «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова қаланың денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңа цифрлық тәсілдер туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Эпидемияны және денсаулық сақтау бойынша барлық жағдайды бақылау шеңберінде біз Қоғамдық денсаулық басқармасымен және Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығымен бірлесіп, қаладағы жағдайға қалай дұрыс әрекет ету керектігін және жағдайды негізге ала отырып, оны бақылау үшін неғұрлым бейімделген құралдарды жасаудың нұсқаларын іздейміз»,–  деді Б. Қоңырбаев.

Осылайша, Алматы қаласы бойынша карантин режимін сақтауды талдау жүйесі әзірленді. Бұл жүйе мобильді операторлардың иесіздендірілген деректеріне негізделе отырып, қала тұрғындарының қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді және әлеуметтік оқшаулау индексін қадағалауға бағытталған. Біріктірілген иесіздендірілген деректер мобильді абоненттердің жиналатын орындарын анықтауға және басқа деректер көздерімен интеграциялану кезінде байланысты қатынастарды есептеуге мүмкіндік береді.

«Әзірлеу кезінде жеке деректерді жинамауға, бірақ біріктірілген деректерді қолданатынымызға басты назар аударылды. Біз үшін ең бастысы – қазірдің өзінде бар ақпараттық жүйелер бойынша дұрыс интеграцияны жүргізу. Мұнда біз Сергек, бейнебақылау ақпараттық жүйелерін қолданамыз. Сонымен қатар, біз қоғамдық көлік және әрбір бағыт бойынша көлік холдингімен интеграцияны жасадық және ол бойынша жүктемені көріп отырмыз»,– деп атап өтті Б. Қоңырбаев.

Сондай-ақ, ол жедел медициналық жәрдем көліктерінің шақыруын бақылау жүйесінің жұмысына тоқталды. Яғни, бұл ақпараттық жүйе қаладағы жедел медициналық көмектің белсенділігіне негізделген.

«Қаладағы жағдайды зерттей отырып, біз жедел жәрдем көліктерінің қозғалыс белсенділігін байқаймыз және қала бойынша орташа қозғалыс 14-15 минутты құрайтынын анықтадық. Осыған сүйене отырып, біз орташа жету уақыты 11-ші қосалқы станцияда 10 минут, 4-ші қосалқы станцияда 14 минут болған кезде белгілі бір нүктеге ұмтыла аламыз. Осы сұрақтарға сүйене отырып, біз кідірістің ненің негізінде екенін анықтай аламыз, қала бойынша барлық жедел медициналық жәрдем көліктерінің қозғалысын қадағалай аламыз. Бір жағынан біз жүктемеге қараймыз, екінші жағынан – жедел медициналық жәрдем бригадаларының белсенділігіне қараймыз. Алатау ауданында орташа жүру (жету, келу) уақыты 30 минут болды, қосалқы станцияны орнату арқасында осы учаскеге жетудің орташа уақыты 11 минутқа дейін қысқарды»,– деп атап өтті Б. Қоңырбаев.