Оқу-ағарту министрлігі Қазақстаннан шетелдіктер асырап алған балалар туралы деректерді ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу тәртібі екі түрге бөлінгенін хабарлады:
Бала асырап алу "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекс, сондай-ақ Қазақстанның басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
"1999-2011 жылдар аралығында шетел азаматтары 8 805 баланы асырап алса, 2013-2023 жылдар аралығында 158 бала асырауға берілген", - деп хабарлады министрлік.
Ведомство мәліметінше, 2013 жылға дейін шетелдіктер асырап алған балаларды бақылау тек Сыртқы істер министрлігіне жүктелген.
"Көбінесе қазақстандық балаларды Еуропа: Испания, Ұлыбритания, Германия, Италия, Австрия, сондай-ақ АҚШ, Канада және басқа елдердің азаматтары асырап алған", - деді Оқу-ағарту министрлігі өкілдері.
Бүгінде 5217 асырап алынған қазақстандық кәмелет жасқа толғаны белгілі. Министрлікте қайтыс болған балалар туралы мәлімет жоқ.
Сондай-ақ заңға сәйкес, баланы туыстары, елде және одан тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтары асырап ала алмайтын жағдайда ғана шетелдіктер асырауына берілуі мүмкін екені айтылды.
Салыстыру үшін: 2023 жылы қазақстандықтар 226 баланы асырап алған.
Оқи отырыңыз: Ақпанда қазақстандықтар қанша күн демалады