Бүгін сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Qazavtojol-дың баспасөз қызметі сілтеме жасап.
Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысында — жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожолда көлік қозғалысы шектелді.
1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау обл. шек. — Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін).
Ауа температурасының төмендеуі мен екпінді желдің салдарынан Ұлытау облысында — жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожол жабылды.
1. «Жезқазған — Петропавл» — Ұлытау к. — Қостанай обл. шек. (барлық көлік түрлері үшін).
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 535 бірлік техника және 1287 жолшы жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз: