Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері – 105 мың теңге

mail.kz
mail.kz
1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері – 105 344 теңге
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылғы 1 сәуірдегі зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде зейнеткерлер саны 2 миллион 245,6 мыңнан асады.

"1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 704,9 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы наурызда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,8 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,4 миллиард теңге бөлінді", - делінген ақпаратта.

2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері  105 344 теңге.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Новости партнеров