Әлемге әйгілі әнші коронавирустан көз жұмды

sportskeeda.com
sportskeeda.com
Испан баритоны Манчестер корольдік ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемге әйгілі Il Divo квартетінің вокалисі Карлос Марин 53 жасында коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Досымыз және серіктесіміз Карлос Мариннің қайтыс болғанын хабарлаймыз. Оның орны әрқашан ойсырап тұрады. Карлос сияқты дауыс, рух ешқашан болмайды. 17 жыл бойы төртеуіміз Il Divo деп аталатын керемет топта бірге болдық. Досымызды сағынамыз", – деп жазды Twitter-де топтың басқа мүшелері Урс Булер, Себастьен Изамбар және Дэвид Миллер.

Испан баритоны Манчестер корольдік ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ол вакцина алған, бірақ желтоқсанның басында COVID-19 жұқтырып, кейінірек жоспарлы комаға жатқызылған.

Карлос Марин өзінің алғашқы альбомы "Кішкентай Карузо" шыққан кезде, яғни сегіз жасында карьерасын бастады. Кейін Нидерландыда Маринды дәл осылай атай бастады. Әнші Альфредо Краус пен Монтсеррат Кабальермен бірге оқып, опера сахнасында сәтті өнер көрсетті.

Новости партнеров