Боливияда футбол матчы кезінде төрешінің жүрегі тоқтап қалды
32 жастағы төреші екінші таймда, ойынның 54-ші минутында құлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Футболдан Боливия чемпионаты жоғары дивизионының матчы кезінде бас төрешісі Виктор Уртадоның жүрегі тоқтап, қайтыс болды.
Бұл туралы Los Tiempos газеті жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Боливия чемпионаты 25-ші турының матчы Эль-Альтода өтті. Онда жергілікті «Олвэйс Реди» мен «Ориенте Петролероны» қабылдап, 5:0 есебімен жеңген болатын. 32 жастағы төреші екінші таймда, ойынның 54-ші минутында алаңның дәл ортасында құлады.
«Олвэйс Реди» дәрігерінің айтуынша, алғашқыда төрешінің алаңда жүрегі тоқтап қалған, бірақ команданың дәрігерлері оны аман алып қалған. Кейін жергілікті клиникалардың біріне жеткізгеннен соң, жүрек соғысы мәңгіге тоқтаған. Дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51