Шымкентте адамның ішкі ағзаларын көшеде өртеген
Alexas_Fotos
Медицина қалдықтарын жоюмен айналысатын ұйым ережені өрескел бұзған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Адамдарға қауіп төндіруі мүмкін медициналық қалдықтарды Шымкент көшелерінде және жекеменшік аумақтарда өртеген, деп хабарлайды Sputnik.
"Эколайф Астана" компаниясының қызметкерлері қалдықтарды жоюда ереже бұзғандығын тіпті жасырмайтын көрінеді – қолданылған шприцтер, ампулалар, тіпті ота кезінде алынып тасталған адамның ішкі ағзалары арнайы пеште емес, жекеменшік аумақтарда өртеліп немесе әдеттегі қоқысқа тасталған екен.
Анықталған деректер бойынша "Эколайф Астана" "Өкілеттігін асыра пайдалану" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған сәйкес 60 АЕК (151 мың 500 теңге) айыппұл салынуы тиіс.
Ұйым бұған дейін де қалдықтарды жою ережесін бұзған болатын. Экологтар кәсіпорын қызметіне тыйым салғызуды көздеп отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
08.09.2026 18:00
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
08.09.2026 21:55
Алматыда 7-13 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
07.09.2026 11:00
Балалар туралы сіз біле бермейтін қызықты деректер
07.09.2026 13:42