Шымкентте адамның ішкі ағзаларын көшеде өртеген

23.08.2019 15:41

Медицина қалдықтарын жоюмен айналысатын ұйым ережені өрескел бұзған

Alexas_Fotos

Адамдарға қауіп төндіруі мүмкін медициналық қалдықтарды Шымкент көшелерінде және жекеменшік аумақтарда өртеген, деп хабарлайды Sputnik.

"Эколайф Астана" компаниясының қызметкерлері қалдықтарды жоюда ереже бұзғандығын тіпті жасырмайтын көрінеді – қолданылған шприцтер, ампулалар, тіпті ота кезінде алынып тасталған адамның ішкі ағзалары арнайы пеште емес, жекеменшік аумақтарда өртеліп немесе әдеттегі қоқысқа тасталған екен.

Анықталған деректер бойынша "Эколайф Астана" "Өкілеттігін асыра пайдалану" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған сәйкес 60 АЕК  (151 мың 500 теңге) айыппұл салынуы тиіс.

Ұйым бұған дейін де қалдықтарды жою ережесін бұзған болатын. Экологтар кәсіпорын қызметіне тыйым салғызуды көздеп отыр.

Теги: көше