Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтық сатылымнан 15 – 20 пайызға төмен болады
5 және 6 қыркүйек күндері елордаға екі облыстың фермерлері 800 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімін әкеледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
5-6 қыркүйек күндері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында Түркістан және Алматы облыстары әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.
5 және 6 қыркүйекте Алматы облысынан ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне үш қала – Текелі, Қапшағай және Талдықорған қалалары және 17 аудан қатысады.
Жалпы алғанда, 370,4 тонна ауыл шаруашылығы өнімі немесе 48 атаулы өнім әкелінеді. Фермерлер 44,5 тонна ет, 16,1 тонна сүт өнімін, 113,6 тонна көкөніс, 14,7 тонна балық, 38 тонна жеміс-жидек, 42,6 тонна картоп, 100 тонна басқа да өнімдер әкеледі. Жалпы сомасы 170,5 млн теңгенің өнімін сату жоспарланып отыр.
Жәрмеңкеде Түркістан облысы шаруалары 447,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімін 15-20 пайызға төмен бағамен ұсынады.
Атап айтқанда, 34 жүк көлігіне тиелген 267,7 тонна көкөніс, бақша, картоп, 29,5 тонна жеміс-жидек, 72 тонна ет және ет өнімдері, 47,5 тонна сүт өнімдері, 10 тонна балық, 6 тонна бал, 14,5 тонна жеміс шырыны мен консерві өнімдері.
Түркістан әкімдігі негізгі өнімдер бойынша бағаларға да талдау жасаған. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында сиыр етінің орташа бағасы 2000 – 2100 тг/кг болса, жәрмеңкеде 1700-1800 теңгеден, қарбыз, қауын 130-200 тг/кг болса, жәрмеңкеде 75-100 тг/кг, көкөністің орташа бағасы 150-200 тг/кг болса, жәрмеңкеде 100-150 теңгеден сатылады.
Жәрмеңкеге келушілер қатаң санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау қажет. Маска тағу, қашықтықты сақтау және міндетті түрде антисептикі қолдануы тиіс.