Сенат Жоғарғы Соттың судьясын қызметінен босатты

17.02.2022 15:47
ҚазАқпарат

Сенат депутаттар Жоғарғы сот судьясы Жаңылсын Архарованы қызметінен босату туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«ҚР Президентінің ұсынуы негізінде және ҚР Констиутциясының 55-бабының 1) тармақшасына және «ҚР Сот жүйесі мен сульяларының мәртебесі турлы» ҚР Конституциялық заңы 34-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық қорғау органдары комитеті мынадай қорытындығы келді: ҚР Парламентінің Сенатына Жаңылсын Баянқызы Архарованы орнынан түсуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен босатуды ұсынады», - деді сенатор Владимир Волков. 

Сенат өкілдері аталмыш ұсынысты қолдап, тиісті қаулыны қабылдады.