Ақтауда 2006 жылы туған жас жігіт Каспийге батып, көз жұмды. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бозбала белгіленген жүзу аймағынан тыс аумақта, катамараннан суға сүңгимін деп батып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға cағат 18:00 шамасында болған. Ал денесі бүгін таңертең табылып, жағаға шығарылған. Теңізге батқан адамды іздеу кезінде құтқару жасағынан бірнеше маман мен техника жұмылдырылды.
– Оларға құтқару кеудешесі берілген. Бірақ жігіттер оны кимеген. Сонымен қатар теңіз жағалауындағы адамдарға қызмет көрсететін қайық иелеріне ескерту жасалды. Теңізге қайықпен серуендеуге шыққан тұрғындарға қауіпсіз кеудешесін кигізу міндетті, – деді Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Бауыржан Оңғарбаев.
Оқи отырыңыз: Аса ірі алаяқтық жасады деген тағы бір күдікті Ресейден экстрадицияланды