Қазақстан халқының 59% қалада тұрады – статистика

Фото: kazakhstan.travel
Фото: kazakhstan.travel
2020 жылдың 1 желтоқсанындағы есеп бойынша, елімізде халық саны 18 млн 852 мың адамды құрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы демографиялық ахуал жөнінде мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оған сәйкес, 2020 жылдың 1 желтоқсанындағы есеп бойынша, елімізде халық саны 18 млн 852 мың адамды құрады. Оның ішінде 11 млн 129 мыңы немесе 59,0% - қалада, 7 млн 723 мыңы немесе 41,0% ауылда тұрады.

Қазақстан тұрғындарының 9 млн 146 мыңы немесе 48,5% – ерлер болса, 9 млн 706 мыңы немесе 51,5% – әйелдер. 

«2019 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 241,7 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы (62,7 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,1 мың адам) және Шымкент (36,4 мың адам) қалаларында тіркелді», – делінген ақпаратта.

Новости партнеров