Полиция қызметкері үйден "қашқан" бес жасар баланы отбасына қайтарды
Шымкентте тәртіп сақшылары жоғалған бес жасар баланы табуға көмектесті, деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға өткен жұмада, 10 тамыз күні Абай ауданының Игілік елді мекенінде болған.
Алты баланы тәрбиелеп отырған ата-ана таңертең ұйқыдан оянып, бес жасар ұлының жоғалғанын біледі. Алдымен оны өздері іздеген, тек сағат 15.00-де полицияға хабарласқан.
Полицейлер көшелерді аралап, көршілерден сұрастырып, баланы төрт сағаттан астам уақыт бойы іздеген.
Ақырында елдімекеннің учаскелік инспекторы Мұзафар Әбдірахманов ауыл көшелерінің бірінен кішкентай қашқынды тауып алады.
Полицейлер ата-анамен профилактикалық әңгіме өткізді. Ал олар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.
Дереккөзі: Sputnik.